Ата аналармен жұмыс » Тиірмен қазақ орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"Тиірмен қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 45-6-07
Есепші бөлімі:
+7(72778) 45-6-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
май
2022

Ата аналармен жұмыс

                  Сәуір айында 9/11 сыныптардың ата аналарымен сынып жетекшілер жиналыстар өткізді. Онда ІІІ тоқсанның білім сапасы қаралып, суицидтік мінез құлықтың алдын алуда тренингтер жүргізіліп, кеңестер берілді.             


Ата-аналарға арналған жадынама


 Сіздің балаңыз және әлеуметтік желі жайлы қарапайым ережелер Әлеуметтік желілерде аты әлемге әйгілі «Ажал қауіпі» деп тараған, соның ішінде суицидтік ойын түрлері - «Синий кит», «Беги и умри», «Киты плывут верх», «Млечный путь», «50 дней до моего ...». Қазақстан Республикасының тұрғындарының әсіресе жасөспірімдер арасында өз денесіне физикалық тұрғыдан зақымдап фотасын желіге салулар жиілеп барады. Жасөспірімдерге 50 тапсырмадан тұратын ойын ойнауға шақырады. Соңғы он жылдықта сіз қалайсыз ба, қаламайсыз ба балалардың сөйлеу мәнері заманына қарай өзгеріп барады. Олар аз сөйлеп, көбіне әлеуметтік желілерде отыратын болды. 11-14 жасар балалар арасында әлеуметтік желіге тәуелділік белең алды, олар «Ғасеbоок» және «Инстограм» т.б парақшаларына тіркелу ата-аналардың рұқсатымен болуы керек. Кейбір ата-аналар 16 жасқа дейін әлеуметтік желіге кіруге тыйым салады. Бұл тиімсіз шешім, тыйым салған сайын баланың қызығушылығын арттырасыздар, олар сізден жасырын желіге кіретін болады. Тек балаға саналы түрде түсіндіру керек. Көптеген экрандарды қонақ бөлмеге қойып баламды қадағалаймын десеңіз қателескеніңіз, себебі смартфондар, ұялы байланыс телефондары, теледидар, ойын автоматтары арқылы бала бұқаралық ақпарат көздерінен танысатын болады. Жеке қауіпсіздік шарасы Бір өзі жеке қалғанда бала әлеуметтік желі парақшаларын парақтай отырып әртүрлі залымдардың, педофильдердің ойыншығына айналу қауіпі бар. Жол қауіпсіздігі секілді балалармен жеке бас қауіпсіздігін сақтау ережелерін бала санасына тоқыта беріңіздер. Қарайым ережелер Жат адамдарға есімін құпия ұстау, қауіп-қатерлі сөздер жазылған болса үйдегі ересектерге бірден айтуға және әлеуметтік желі жаңалықтарына еліктемеуіне қатал қадағалау жасаңыз. Әсіресе фота, видео материалдар баланың шатасуына әкелу қауіпі бар. Бұл жағдайда әлеуметтік желіге шектеу қойғаныңыз дұрыс болар. Бұл әлеуметтік ойындарда сөйлесіп отырған адамның келбетін көрмей мимика, қимыл іс-әркет арқылы әрекет жасау ақымақтық болады. Екінші қателік – түсініспеушілік, яғни желіде таныс және бөгде адамдар арасында танымалдық таныту. Ең бастысы жасөспірімдерге айтарымыз адамның көзіне қарап айта алмағаныңды желіде еліктіретін сөздер жазу арқылы заң алдында жауап беретінін ескерту. «Жағалауда» кездесу Сіз балаңызға сенімді болсаңыз да, өзіңіз үшін қадағалап отырыңыз. Бірақ, бала бұл шешіміңізді білмеуі тиіс. Балаңыздың әлеуметтік парақшасына дос ретінде тіркеліп, балаңыздың жасаған қадамдарын байқап отырсаңыз болады. Ата-аналар тарапынан желіге құпия сөз қалдыру, шектеу қою арқылы балаңыздың жазған хаттарын оқи алмайсыздар. Балаға сенімділік танытып әлеуметтік желіде отыру тәртібін қадағалап, реттеп отырыңыздар. Қауіптісі Жасөспірімдер арасында белең алған ойын түрі улау (травли) деп аталады. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек (ағылшын тілінен аударғанда – кибербуллинг) ұзақ мерзімді қысым көрсете отырып, өмірмен қоштасуға жетелейді екен. Онлайн режиміндегі травлидің екі қауіпі бар: онлайн режимде соңына түсіп алады және өзі жазып берген тұлғалық ерекшеліктерін өзіне қарсы пайдаланатын болады. Оның бір неше нұсқасы бар, сыныптастарының бірінің фотасын кесіп алып оның астына қауіп төндіретін сөздер жазуы әбден мүмкін. Бұл ересектерді шошытқанымен жасөспірімдер арасында қызығушылық оятуы мүмкін, сондықтанда ата-ана тарапына қатал бақылау орнатқаныңыз дұрыс. Егер сіздің балаңыз өз қатарластарына осындай қысымшылық танытып жүргенін байқап қалсаңыз, заң алдында жауап беретінін және нәтижесі неге апарып соғатын түсіндіруге тырысыңыз. Балаңыздың қызығушылығы неге басым екенін білесіздер ме?! Әлеуметтік желі жалғыз бұл ғана емес. Мысалы: статистикаға жүгінсек Россия елінде «Қару-жарақ» сайд парақшаларында көптеген жасөспірімдер тіркелген екен. Балаңызды жоғалытып алмау үшін, баланың ойын тыңдап, әрдайым ақылдасып бірге шешіңіздер. Балаңызға Фейс Бук парақшаларына тіркелу арқылы өзінің жеке бас ерекшелік пен мағлұматтарды қалай құпия ұстау керектігін түсіндіріп отырыңыз. Балаңыздың сеніміне кіре отырып, өзіңіздің көсбасшылық қасиеттіңізді арттырасыз. Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті кеңестер 

1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.

 2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.

 3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.

 4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз. 

5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.

 6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.

 7. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз. 

8. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз.Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарымқатынас орнатыңыз 

Ата-аналарға психологиялық кеңес

 Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың; жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысаныға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

 -Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту,бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптасыру. 

— Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.

 -Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.

 -Оқудың,білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру.

 -Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. 

-Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

 -Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету.

 -Бақылау, тексеру, бағалау.

 -Тәртіптікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т. б. баулу. Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.