Ата аналармен жұмыс » Тиірмен қазақ орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"Тиірмен қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 45-6-07
Есепші бөлімі:
+7(72778) 45-6-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2022

Ата аналармен жұмыс

                                             Х а т т а м а №1

«Алматы облысы Білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Тирмен қазақ орта мектебі» КММ-де  тамыз айының 28 і күні кезекті ата-аналар жиналысы болып өтті. 

                  (ЗУУМ платформасы мен Вацап желісі арқылы)

Қатысты : 

Мектеп директоры Қ.Утеулиев

ДТІЖО: Ш.Сайдишова, психолог М.Мамырбаева, әлеуметтік педагог Т.Абдикерим

Ата –аналар:

Қатыспады: 3.себепті:

                      2.себепсіз

Күн тәртібінде: 

1.Жаңа оқу жылындағы оқу тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру ерекшеліктері туралы.

2. «Мекепке жол» акциясының жүргізілуі туралы

2. Ағымдағы әр түрлі мәселелер


                                                 Тыңдалды: 


1.Күн тәртібі бойынша ДТІЖО   Ш.Сайдишова күн тәртібімен таныстырып өтті.Сөз алды мектеп директоры Қ.Утеулиев күн тәртібіндегі мәселеден бұрын ата-аналармен амандасып,жаңа оқу жылымен құттықтап, жаңа оқу жылындағы өзгерістерді айтып өтті.

1-қыркүйектен бастап барлық оқушылар сабақты офлайн форматта яғни мектепте оқиды. Мектепте оқушылар мен мұғалімдер санитарлық талапты сақтауы керек. Күнделікті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ,бөлмелерді дезенфекциялау жұмыстары жүргізіліп отырылатынын алға тартты.Ары қарай тәрбие ісі орынбасары ата аналарды биылғы оқу жылының еркешеліктерімен слайд арқылы таныстырып өтті.Сонымен қатар 

2021-2022 оқу жылында Қазақстандық барлық оқушылар мектеп формасымен яғни қара көк түстегі ұл балалр үшін шалбар мен кастюм, ақ жейде, қыздар үшін сол түстегі кастюм юбка, тилді шалбар ақ кофта, яғни барлық оқушылар үшін  стильді киім кию керектігі ескертілді.Дегенмен ата-ананың мүмкіндіігіне қарай мектеп формасын киген дұрыс екенін айтты.  

  Егер ата-ананың мүмкіндігі болмаса классикалық стильдегі киіммен де мектепке келуге болатынын ескертті.

   Мектеп екі ауысым болғандықтан үнемі мектеп буфеті жұмыс істейді, жалпы оқушылар қоғамдық тамақпен қамтылады деді. Мектеп буфетінде де санитарлық талаптардың орындалатынын айтты.

Сондай –ақ сабақ кестесі санатарлық талаптарды есепке ала отырып дайындалғанын айтып, екі ауысымның қоңырау кестесімен таныстырды.

Ең басты жаңалық биылғы оқу жылында 1 сыныптар сауатын «Әліппе» арқылы ашатынын алға тартты.1-қыркүйекте жаңа оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі іс-шаралар оқушыларға «Әліппе» табысталады.

Ш.Сайдишова ары қарай биылғы атаулы мерекелер тізбесімен таныстырып өтті. 1-қыркүйекте салтанатты іс-шараға тек 1 сынып оқушылары қатысы алады.2-11 -сынып оқушылары сабақтарын «Тәуәлсіздік жетістіктері» тақырыбындағы ашық сынып сағаттарының өткізілетінін айтты.

Екінші мәселе бойынша Т.Абдикерим сөз алып  мектепте «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылып жатқанын, оның мақсаты мен міндеттері туралы айтып өтті. Ата аналарды осы акцияға атсалысуға шақырды.

Ағымдағы мәселелер бойынша жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, түнгі балалардың көшеде жүрісі туралы ескерте отырып, ата аналарға балаларды қадағалауды, жаман әдеттерден аулақ болуға жол көрсетіп отыруды айтты. Сондай ақ мектеп пе ата аналар арасындағы келісім шарттың мазмұнымен аныстырды. Ата аналарды бірлікте жұмыстар атқаруға шақырды.

Сөз алды    ата-ана: Г. Надырбекова, Б.Карбозовалар сөзге шығып,       

жаңа оқу жылымен құттықтап,  «Әліппенің» қайта келгеніне қуанышты екенін айттып, оқу жылы барысында бірлікте жұмыстар атқарамыз деп өз сенімдерін білдірді. 

Шешім:


1.2021-2022оқу жылындағы жаңа форматы басты назарға алынсын.

2.Балалардың киім үлгісі санитарлық талапқа сай мектепке келуі ата-аналарға міндеттелсін.

3. «Мектепке жол» акциясы талапқа сай ұйымдастырылсын




       Мектеп директоры:                                                 Қ.Утеулиев

        Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                      Ш.Сайдишова


ХАТТАМА  №2

Қыркүйектің  13 жұлдызында  «Тиірмен қазақ орта мектебі» КММ жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.

Қатысуға тиісті ата-аналар саны –67 

Қатысқан ата-аналар саны – 42

Жалпы ата-аналар жиналысының тақырыбы:«Бала тәрбиесіне байыпты қарайық»

Күн тәртібі

1. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы. 2021/2022 оқу жылының жаңа жоспары.

2.Ата-аналар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау.

3.Штаттық оқыту кезіндегі оқушыларға қойылатын талаптар

4. «Отбасының мәдени құндылықтары және оның бала тәрбиесіндегі ролі» баяндама

5.Құқықтық сауаттылықты қалыптастыру («ҚР Қылмыстық Кодексі /қылмыс түрлері, кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза түрлері.) /Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ\ 18 тарау 467-бап » слайд презентация.

6.Әр түрлі мәселелер.

Тыңдалды.

       Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Сайдишова ата-аналарға берген есебінде мектеп мұғалімдері мен оқушыларының жетістіктері туралы қорытынды жасады, 2021-2022 оқу жылының дайындығы, оқу жылының жоспарымен таныстырды.

Екінші мәселе бойынша ата аналарды жаңа құраммен таныстырып өтті, ата аналар жағынан барлығы төмендегі ата аналардың комитет мүшелері болатындықтарын қолдады. 

Бақаева Жазира комитет төрайымы, Мүшелері Б.Карбозова, Н.Жұмабеков, Г.Казыбаева, С.Отарбаев, хатшы А.Кулпеисова

       Күн тәртібіндегі 3-мәселе бойынша мектеп медбикесі Р.Сайдалиева оқушылардың жаңа оқу жылында штаттық оқуға көшкендіктен оқушыларға қойылатын талаптармен таныстырып өтті.

       Күн тәртібіндегі 4-мәселе бойынша педагог психолог М.Мамырбаева «Отбасындағы мәдени құндылықтары және оның бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында баяндаманы оқып, талқылқылады. Онда отбасындағы балаға мәдени қарым қатынас әліппесі, тәрбие туралы айтылды.Баланың ең бірінші тәрбиені,мәдениеттілікті отбасынан алатындығы, отбасында бала тәрбиесіне нақты да, жауапкершілікпен қарау тцралы айтты. 

 Күн тәртібіндегі 5-мәселе бойынша Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Сайдишова «ҚР Қылмыстық Кодексі /қылмыс түрлері, кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза түрлері/ Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ\ 18 тарау 467-бап »

бойынша слайд презентация   дайындап,ата-аналарға ақпарат берді.     

      Күн тәртібіндегі ағымдағы мәселелер бойынша әр түрлі ақпараттар айтылды.(Баланың көлікпен жүруіне қатаң тыйым салу, себепсіз сабақтан қалдырмау, баланы үйде жеке, жалғыз қалдырмау, ауырған жағдайда міндетті мед тексеруден өткізу, түнгі уақытта балаларды көшкге жібермеу т.б.Қаралған мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылды.Ата-аналар өзара ой бөлісті, өз ойларын түйіндеді. С.Миталипова жаңа оқу жылында оқушылардың оқулықтармен қамтылуы оқулықтардың барлық оқушыларға жеткілікті екендігін алға тартты.Оқу ісінің меңгерушісі Е.Бектемесов ата-аналардың сұрақтарына жауап бере отырып, былтырғы оқу жылында онлайн оқығандықтан білім сапасының төмендігін айта келе,  білімдерін тыянақтау  олқылықтарды толықтыруда қосымша пәндердің ұйымдастырылатынын, ол үшін біркісідей атсалысу керектерін айтты.     Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша ата-аналар атынан Ж.Бақаева, А.Карбозова, Н.Тұрғанбаевтар 2020-2021 оқу жылында  жүргізілген оқу-тәрбие жұмыстарына және ата-аналар комитетінің жұмыстарына баға берді.Сонымен қатар өз ой пікірлерін ортаға салды.

Қаулы

1.2020-2021 оқу жылының қорытындысы «қанағаттанарлық»деп табылсын.

2. Жаңа оқу жылының жылдық жоспары бекітілсін.

1.    3.Мектеп ата-аналар комитетінің жаңа құрамы  Бақаева Жазира комитет төрайымы, Мүшелері Б.Карбозова, Н.Жұмабеков, Г.Казыбаева, С.Отарбаев, хатшы А.Кулпеисова бекітілсін

4. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда ата аналармен бірлікте жұмыстар атқарылсын, балаларды әрдайым, үнемі бақылау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтану, құқықтық жауапкершіліктерін арттыру ата аналарға,  құқықтық сауаттылықтарын арттыру сынып жетекшілерге  жүктелсін. 





Жиналыс төрайымы:                 Ш.Сайдишова                                                                    Хатшы:                                      А.Кулпеисова



«Тиірмен қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ата аналар комитетінің құрамы


Ата аналардың аты жөні

Жұмыс орны

Байланыс телефоны

1

Бақаева Жазира комитет төрайымы

Ауылдық кітапханашы

87715752456

2

Карбозова Бибігүл мүшесі

Үй шаруасы

87714963578

3

Жұмабеков Нығмет мүшесі

Күзетші

87059895054

4

Қазыбаева Гүлшайым мүшесі

Үй шаруасы

87770135238

5

Отарбаев Серік мүшесі

Жеке шаруа

87772780436

6

Кулпеисова Ақмарал хатшы

хатшы

87773958172




Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                   Ш.Сайдишова 



ХАТТАМА  №3

Қарашаның 01 жұлдызында  «Тиірмен қазақ орта мектебі» КММ жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.

Қатысуға тиісті ата-аналар саны –67 

Қатысқан ата-аналар саны – 51


Күн тәртібінде:

  1. «Зиянды әдеттер әлеміндегі жасөспірім» баяндама
  2. І тоқсан қорытындысы. 
  3. Күзгі демалыс уақытында ЖЖЕ, жол апатынан сақ болу, құқық бұзушылықтың алдын алу туралы.
  4. «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жылдық жоспармен таныстыру, отбасылық кітап оқу жүйесін енгізу, ата аналарға бағыт бағдар беру

Тыңдалды: Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Сайдишова қатысушы ата аналармен сәлемдесіп, қаралатын мәселелердің ретімен таныстырды. Бірінші мәселе бойынша «зиянды әдеттер әлеміндегі жасөспірім» тақырыбындағы баяндама оқып, баяндама желісі бойынша оқушылардың зиянды әдеттерден аулақ болу мақсатында атқарылып жатқан іс шараларға тоқталып, ата аналарды да сол тұрғысынан қадағалау туралы ескертті. Ішімдік, шылым шегу мәселелерінің алдын алу туралы ақпараттар бере отырып, топқа зиянды заттар туралы бейнебаян жіберді. 

Екінші мәселе бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Атагулова жалпы сыныптар бойынша білім сапасына тоқталып, жеке жеке пәндер бойынша білім сапасының көрсеткішін көрсетті. Ата аналарға бірінші тоқсан бойынша балалардың білім сапаларының төмендегені, былтырғы оқу жылындағы онлайн сабақ өткендіктен біраз оқушылардың білімдернің төмендегені туралы айта келе ата аналарды екінші тоқсанда балаларды қадағалауға шақырды. 

Үшінші мәселе бойынша Ш.Сайдишова күзгі каникул кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, ЖЖЕ, жол апатынан сақ болу, алысқа жүрген жағдайда ата ананың бірге болйы, каникул кезіндегі құқық бұзушылықтың алдын алуда күнделікті кезекшілердің жүретіндігі туралы баяндады. 

Төртінші мәселе бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасының жоспарымен таныстырып, отбасында балаларды кітап оқуға шақыру керек екні, үнемі кітап оқу жүйесін отбасында енгізу туралы ұсыныс жасады. Балалардың күнделікті ұялы телефонда отырғанан гөрі, кітап оқуға шақыру туралы айтты. 

 Қаралған мәселелер бойынша ата аналар тарапынан А.Карбозова, Ж.Бақаева, Н.Қайымовтар өз ойларын ортаға салып, балаға үйде кітап оқыту, оның мазмұнын сұрап отыру өте жақсы ұсыныс екенін айта келе, бұл ұсынысты   құптайтындықтарын білдірді. Сонымен қатар эпидемиялогиялық жағдайға орай қашықтықтан оқығанның бала біліміне біраз әсер еткенін айта келе, екінші тоқсанда ата аналарды үнемі қадағалауға шақырды. 

Сынып жетекшілерден Н.Марденова, оқу ісі меңгерушісі Н.Атагуловалар жарыссөзге шығып, пәндер бойынша білім сапасын арттыруда олқылықтардың орнын толтыру мақсатында пән мұғалімдерінің қосымша сабақтар мен кіріктіріп сабақтар өтіп жатқанын ескертті. Ата аналарға балалардың түсінбеген тақырыптары болған жағдайда пән мұғалімдерімен үнемі байланыста болуға шақырды. 

Қаулы:


1.Бірінші тоқсандағы білім сапасы қанағаттанарлық деп табылсын.

2. Ата аналар күзгі демалыс кезінде өз балаларының өмірін қорғауға жауапкершілігі міндеттелсін.

3. Білім сапасынан кеткен олқылықтардың орнын толтыруда балалардың сабақтарын отбасында үнемі қадағалап, балаларға көмек көрсетілсін.

4. Оқуға құштар мектеп жобасы бойынша отбасында кітап оқу үрдіске айналдырылсын.



Жиналыс төрағасы:                              Ш.Сайдишова

Хатшы                                                   А.Кулпеисова



                               Ата-аналарға арналған жадынама


 Сіздің балаңыз және әлеуметтік желі жайлы қарапайым ережелер Әлеуметтік желілерде аты әлемге әйгілі «Ажал қауіпі» деп тараған, соның ішінде суицидтік ойын түрлері - «Синий кит», «Беги и умри», «Киты плывут верх», «Млечный путь», «50 дней до моего ...». Қазақстан Республикасының тұрғындарының әсіресе жасөспірімдер арасында өз денесіне физикалық тұрғыдан зақымдап фотасын желіге салулар жиілеп барады. Жасөспірімдерге 50 тапсырмадан тұратын ойын ойнауға шақырады. Соңғы он жылдықта сіз қалайсыз ба, қаламайсыз ба балалардың сөйлеу мәнері заманына қарай өзгеріп барады. Олар аз сөйлеп, көбіне әлеуметтік желілерде отыратын болды. 11-14 жасар балалар арасында әлеуметтік желіге тәуелділік белең алды, олар «Ғасеbоок» және «ВКонтактe» парақшаларына тіркелу ата-аналардың рұқсатымен болуы керек. Кейбір ата-аналар 16 жасқа дейін әлеуметтік желіге кіруге тыйым салады. Бұл тиімсіз шешім, тыйым салған сайын баланың қызығушылығын арттырасыздар, олар сізден жасырын желіге кіретін болады. Тек балаға саналы түрде түсіндіру керек. Көптеген экрандарды қонақ бөлмеге қойып баламды қадағалаймын десеңіз қателескеніңіз, себебі смартфондар, ұялы байланыс телефондары, теледидар, ойын автоматтары арқылы бала бұқаралық ақпарат көздерінен танысатын болады. Жеке қауіпсіздік шарасы Бір өзі жеке қалғанда бала әлеуметтік желі парақшаларын парақтай отырып әртүрлі залымдардың, педофильдердің ойыншығына айналу қауіпі бар. Жол қауіпсіздігі секілді балалармен жеке бас қауіпсіздігін сақтау ережелерін бала санасына тоқыта беріңіздер. Қарайым ережелер Жат адамдарға есімін құпия ұстау, қауіп-қатерлі сөздер жазылған болса үйдегі ересектерге бірден айтуға және әлеуметтік желі жаңалықтарына еліктемеуіне қатал қадағалау жасаңыз. Әсіресе фота, видео материалдар баланың шатасуына әкелу қауіпі бар. Бұл жағдайда әлеуметтік желіге шектеу қойғаныңыз дұрыс болар. Бұл әлеуметтік ойындарда сөйлесіп отырған адамның келбетін көрмей мимика, қимыл іс-әркет арқылы әрекет жасау ақымақтық болады. Екінші қателік – түсініспеушілік, яғни желіде таныс және бөгде адамдар арасында танымалдық таныту. Ең бастысы жасөспірімдерге айтарымыз адамның көзіне қарап айта алмағаныңды желіде еліктіретін сөздер жазу арқылы заң алдында жауап беретінін ескерту. «Жағалауда» кездесу Сіз балаңызға сенімді болсаңыз да, өзіңіз үшін қадағалап отырыңыз. Бірақ, бала бұл шешіміңізді білмеуі тиіс. Балаңыздың әлеуметтік парақшасына дос ретінде тіркеліп, балаңыздың жасаған қадамдарын байқап отырсаңыз болады. Ата-аналар тарапынан желіге құпия сөз қалдыру, шектеу қою арқылы балаңыздың жазған хаттарын оқи алмайсыздар. Балаға сенімділік танытып әлеуметтік желіде отыру тәртібін қадағалап, реттеп отырыңыздар. Қауіптісі Жасөспірімдер арасында белең алған ойын түрі улау (травли) деп аталады. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек (ағылшын тілінен аударғанда – кибербуллинг) ұзақ мерзімді қысым көрсете отырып, өмірмен қоштасуға жетелейді екен. Онлайн режиміндегі травлидің екі қауіпі бар: онлайн режимде соңына түсіп алады және өзі жазып берген тұлғалық ерекшеліктерін өзіне қарсы пайдаланатын болады. Оның бір неше нұсқасы бар, сыныптастарының бірінің фотасын кесіп алып оның астына қауіп төндіретін сөздер жазуы әбден мүмкін. Бұл ересектерді шошытқанымен жасөспірімдер арасында қызығушылық оятуы мүмкін, сондықтанда ата-ана тарапына қатал бақылау орнатқаныңыз дұрыс. Егер сіздің балаңыз өз қатарластарына осындай қысымшылық танытып жүргенін байқап қалсаңыз, заң алдында жауап беретінін және нәтижесі неге апарып соғатын түсіндіруге тырысыңыз. Балаңыздың қызығушылығы неге басым екенін білесіздер ме?! Әлеуметтік желі жалғыз бұл ғана емес. Мысалы: статистикаға жүгінсек Россия елінде «Қару-жарақ» сайд парақшаларында көптеген жасөспірімдер тіркелген екен. Балаңызды жоғалытып алмау үшін, баланың ойын тыңдап, әрдайым ақылдасып бірге шешіңіздер. Балаңызға Фейс Бук парақшаларына тіркелу арқылы өзінің жеке бас ерекшелік пен мағлұматтарды қалай құпия ұстау керектігін түсіндіріп отырыңыз. Балаңыздың сеніміне кіре отырып, өзіңіздің көсбасшылық қасиеттіңізді арттырасыз. Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті кеңестер 

1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.

 2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.

 3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.

 4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз. 

5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.

 6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.

 7. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз. 

8. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз.Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарымқатынас орнатыңыз 

Ата-аналарға психологиялық кеңес

 Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың; жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысаныға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

 -Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту,бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптасыру. 

— Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.

 -Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.

 -Оқудың,білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру.

 -Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. 

-Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

 -Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету.

 -Бақылау, тексеру, бағалау.

 -Тәртіптікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т. б. баулу. Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.