Рухани-адамгершілік тәрбие іс-шаралары » Тиірмен қазақ орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"Тиірмен қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 45-6-07
Есепші бөлімі:
+7(72778) 45-6-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Рухани-адамгершілік тәрбие іс-шаралары
1 наурыз -Алғыс айту күні
03
март
2023
1 наурыз -Алғыс айту күні
1 наурыз Алғыс айту күніне орай мектебімізде тақырыптық сынып сағаттары мен ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі М.Акбарованың 3 сынып оқушыларымен "Алғыс айту парызым" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс шараға ата аналар тартылды. Келген қонақтар балалардың өнерлеріне тәнті болды.  
Ұстаздар мерекесі
29
декабрь
2022
Ұстаздар мерекесі
Қазан айында Ұстаздар мерекесіне орай ашық сынып сағаттары, ертеңгіліктер мен ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Қош бол, әліппе
24
декабрь
2022
Қош бол, әліппе
Мектепте желтоқсан айында 1 сынып жетекшісі А.Көмекбаеваның "Қош бол, әліппе" атты 1 сынып оқушыларының әліппемен қоштасу ертеңгілігі болып өтті. Балалар көңілді қойылымдар қойып, тақырып негізінде әндер орындады. Ертеңгілікке ата аналар мен қонақтар тартылды.
Р.Бағланова 100 жыл
25
ноябрь
2022
Р.Бағланова 100 жыл
Мектепте қараша айында "Өнер" апталығы ұйымдастырылып, өткізілді.Апталық жоспарына сәйкес музыка пәні мұғалімі Ш.Сайдишова Р.Бағланованың 100 жылдығына орай "Аты аңызға айналған Роза Бағланова" тақырыбында кеш ұйымдастырды.
1 маусым балаларды қорғау күні
05
июнь
2022
1 маусым балаларды қорғау күні
Мектепте балалар жылына орай 1 маусым "Балаларды қорғау күніне" іс шаралар ұйымдастырылды.Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, асфальтқа "Бақытты балалық шақ" тақырыбында  суреттер салынып, ең үздік суреттер марапатталды.
Рухани адамгершілік тәрбие
05
июнь
2022
Рухани адамгершілік тәрбие
Мектепте МАД тобында балалар жылына орай "Бақытты балалық шақ" тақырыбында қоштасу кеші өткізілді. МАД тобының тәриешісі А.Алдибаева кешті тартымды ұйымдастырды. Балалар өз өнерлерін ортаға салып үйренген білімдерін ата аналар мен қонақтарға ұсынды.
Рухани адамгершілік тәрбие
05
июнь
2022
Рухани адамгершілік тәрбие
Мектепте 4 сынып жетекшісі Алмагуль Көмекбаеваның ұйымдастыруымен бастауышпен қоштасу кеші өткізілді. Кешке балалар жоғары деңгейде дайындалған, оқушылар бастауышта алған білімдерін кеште жан жақты көрсетіп, әндерін орындап, билерін  билеп өнерлерін ортаға салды. Қатысқан қонақтар балаларға алғыстарын білдірді.Белсенді оқушыларға мектеп тарапынан мақтау қағаздары беріліп, ата аналарына алғыс хаттар тапсырылды.Кеш көңілді, тартымды өтті.
Рухани -адамгершілік тәрбие.
11
май
2022
Рухани -адамгершілік тәрбие.
   Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Сайдишова 5,6 сынып оқушыларымен "Мектеп мәдениеті" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Онда оқушылармен оқушының мектептегі өзін өзі ұстау ережесі тұралы түсінік берсе, кезеңдер бойынша топтық жұмыстар орындатып, оқушыларды топтар бойынша өз ойларын ортаға салғызды. Оқушылар тақырыптар бойынша талқылап, өз ойларын еркін жеткізді. Мектепте ұстанатын адами құндылықтар туралы баяндалды.Дөңгелек үсел тартымды өтті. 
Оқушылармен жұмыс
05
май
2022
Оқушылармен жұмыс
Сәуір айында "Қауіпсіз интернет" онкүндігінде "Интернеттің пайдасы мен зияны" тақырыбында 8/9 сыныптың оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Онда оқушылар интернеттің зияны мен пайдасы туралы пікіралмасты. Рухани құндылықтарымыздың жоғалып кетуіне осы интернеттің зияны тиіп жатқаны туралы өз ойларын ортаға салды. Рухани адамгершілікті ұмытпай, адами қасиеттер мен тіл байлығымызды жоғалтпауға ой тасталды. Оқушылар дөңгелек үтелде емін еркін өз ойларын ортаға салып, ашық талқылау болды. Дөңгелек