Әлеуметтік педагог есебі » Тиірмен қазақ орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"Тиірмен қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 45-6-07
Есепші бөлімі:
+7(72778) 45-6-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2022

Әлеуметтік педагог есебі

коммуналдық  мемлекеттік мекемесінен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2021-2022 оқу жылындағы  әлеуметтік педагогтың
жылдық атқарылған   жұмысына есеп




Әлеуметтік педагогтың мақсаты:
          Оқушылардың тұрмыстық жағдайын және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеу. Оқушылардың әлеуметтік құқығын қорғау және балалардың дамуына жағдай жасау. Мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасты дамыту. Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, азаматтық, әкімшілік, отбасылық қылмыстық заңдарды негізге алып, заңға бағынатын азамат тәрбиелеу. Мектептен тыс ұйымдармен өзара қарым-қатынасты үйлестіру. 
  • ҚР «Бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы», «Білім туралы» заңдары басшылыққа алынып, бала құқығы мен мүдделерін қорғау мәселесі мектебімізде келесі бағыттар бойынша құрылды:
  • Балалардың құқықтары мен заңды мүддесіне байланысты ҚР заңдарын орындау;
  • Ата-аналарға, оқушыларға, мектеп ұстаздарына кеңес берілу, тренингтер өткізу, диагностикалық жұмыстар жүргізу;
  • Балалардың сапалы білім алуына және дұрыс тәрбиеленуіне әлеуметтік жағдай жасау;
  • Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жұмысын жүргізу;
  • Балалардың бос уақытын ұйымдастыру;
Тиісті мекемелермен (жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, балалардың құқықтарын қорғау департаменті, денсаулық орындары, қамқорлық және қорғаншылық органдары, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясы) тығыз байланысты болу, бірігіп жұмыс жүргізу.
Осы бағыттар бойынша келесі міндеттерді шеше бастадық:
Ата-анасыз, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балаларды, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды, олар туралы мәліметтер, құжаттар жинақталды.


 Міндеттері:
  • Оқушылардың қызығушылықтарын және қажеттіліктерін, қиындықтарын және проблемаларын уақыттылы анықтау;
  • Әлеуметтік, педагогикалық көмекті және қолдауды қажет ететін оқушыларға уақытылы көмек көрсету;
  • Әлеуметтік ынтаны дамытуға, әлеуметтік бағдарламалар және жобаларды іске асыруға бағытталған іс- шаралар ұйымдастыру;
  • Сабақтан тыс уақытта оқушының дарыны, ой және дене қабілеттерінің жақсаруына жағдай жасау;
  • Жеке тұлғаның мектепте, отбасында қоршаған әлеуметтік ортада психологиялылық жайлылық және қауіпсіздік жағдайларын туғызу;
Оқушыларға көмек көрсету үшін мұғалімдердің, ата-аналардың (оларды ауыстырып жүрген тұлғалар), түрлі қызметтер және органдар мамандарының әрекеттестігін үйлестіру.
Мектептегі тамақтану бойынша 
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысын негізге ала отырып, Қыркүйек айының 2 сінен бастап аз қамтылған, жетім,  жартылай жетім балалары ыстық тамақпен 15 оқушы қамтылып отыр. Оның ішінде аз қамтылған отбасынан 7 жетім 1 басқа санаттағы 7 бала тамақпен қамтылған. 1-4 сынып аралығында 7 оқушы тамақтанса, 5-7 сынып аралығында 8 оқушы тамақтанады.