Құқықтық білім беру апталығы » Тиірмен қазақ орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"Тиірмен қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 45-6-07
Есепші бөлімі:
+7(72778) 45-6-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқықтық білім беру апталығы
27
апрель
2022

Құқықтық білім беру апталығы

                               "Құқықтық білім беру апталығы"

 Мектепте «Құқықтық білім беру» апталығы жоспары жасалынып, бекітілді. Мектепішілік бұйрық шығарылды. Мектеп залында «Құқықтық білім заман талабы» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылды. 9 сынып жетекшісі А.Кулпеисованың ұйымдастыруымен «Құқықты біз қалай түсінеміз?» тақырыбында апталықтың ашылуын өткізді. Ашылуы бойынша бейнебаян дайындалды. Оқушылар оқушы құқы, міндеттері мен құқықтық сауаттылыққа байланысты баптардан мәліметтер берді. А.Валиев пен Б.Исаевтың ұйымдастыруымен «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында суреттер байқауын өткізді. Байқаудағы озық суреттер мектеп дәлізіне қойылды. Тарих  және құқықтану пәні мұғалімі Т.Аңызбаеваның ұйымдастыруымен  7 сыныпта «Жасөспірім және Заң» тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып өтті. Оқушылар бала құқығы мен жасөспірімдер арасындағы жауапкершілік туралы бейнефильмдер тамашалап, сұрақтарға жауап беріп, топтық жұмыстар жүргізді. 1/4 сыныптарда «Адам әдептілігімен әдемі» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді, онда оқушылар адамгершілік, әдептілік заңдылықтарына шолу жасады. Тақырып негізінде слайдтар мен бейнероликтер көрсетіліп, талқыланды. 5,6,7 сыныптарда сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Заңды білген зардап шекпейді» тақырыбында  ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Ш.Сайдишова 5/6 сыныптармен бірлікте дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде ситуациялық сұрақтармен және кезеңдер тапсырмаларын орындап оқушылар құқықтық жауапкершілік туралы өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел қызықты ұйымдастырылды. 8/11 сынып жетекшілері «Ғаламтор біздің өмірімізде» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында ғаламтордағы келеңсіз сайттар мен адам өміріне қауіп төндіретін ойындар туралы ақпараттар берілді. Сынып жетекшілер тарапынан керек кеңестер беріліп, тренингтер ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімі Е.Бектемесовтың ұйымдастыруымен Тиірмен ұйғыр орта мектебінің ұл балалар арасында волейболдан достық кездесу өткізді. Ол кездесуде мектептебіміздің  ұл балалары жеңіске жетіп, ұстаздар тарапынан марапатталды. Мектептің ұл және қыз балаларымен тақырыптық жиналыстар өткізіліп, ақыл кеңестер берілді. Бопсалаудың алдын алу мақсатында 5/9 сыныптың оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша ешқандай келеңсіздіктер тіркелген жоқ. 


 ТІЖО: Ш.Сайдишова