«Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі 2022» » Тиірмен қазақ орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"Тиірмен қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 45-6-07
Есепші бөлімі:
+7(72778) 45-6-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі 2022»
05
апрель
2022

«Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі 2022»

  Ұйғыр аудандық білім бөлімінде  02. 04. 2022 ж «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі 2022»  аудандық байқауы  өткізілді. Байқауға  Тиірмен қазақ орта мектебі КММ – нің  денешынықтару   мұғалімі  Абдикерім Таңатар қатысты. Байқау    4 кезең бойынша  өткізілді. 

І. Кезең бойынша «Мен қазіргі  заман педагогымін» кәсіби тәжірибе  бойынша  дене шынықтыру   пәнінің мұғалімі  Абдикерім Таңатар  презентация жасады. Бұл кезеңде  иновациялық идеялары  және   нәтижелері  бойынша таныстырып өтті. 

ІІ.   Кезең бойынша  «Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі» бойынша  өз сабағын көрсетті. 45 минут бойынша түсірілген сабақ  видиоға түсіріліп көрсетілді. Сабақ соңында  талдау жасалып, сұрақтарға  жауап берді. 

ІІІ.    Кезең бойынша  «Қашықтықтан оқытуға арналған сабақ жоспары» таныстырылып фото, видио ауызша түсініктемелер, баяндау түрінде қорғады. 

ІV. Кезең «Мұғалімдердің жастарына  арналған дене жаттығуларының тапсыру  түрлері» бойынша  100 м жүгіру, тұрған орнынан ұзындыққа  секіру, кермеде  тартылу жұмыстары  көрсетіліп қорғалды. 

4. Кезеңнен тұратын байқау түрлерінен өз талаптары   бойынша  денешынықтыру пәнінің мұғалімі  Т. Абдикерім  сүрінбей өтіп, пән бойынша  шығармашылық шеберлігін жоғары  деңгейде   көрсете білді.  Аудандық «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі 2022»  байқауының қорытындысы  бойынша  бас жүлдені  иеленіп облысқа жолдама  алды.   Алдағы   болатын байқауға мектеп ұжымы   атынан сәттілік тілеп, бас жүлдемен оралуына  тілектеспіз!