«Қауіпсіз интернет» » Тиірмен қазақ орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"Тиірмен қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 45-6-07
Есепші бөлімі:
+7(72778) 45-6-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қауіпсіз интернет»
18
апрель
2022

«Қауіпсіз интернет»

«Аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне

«Тиірмен қазақ орта мектебі» КММ нен 


«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының өткізу кезеңіне орай атқарылған жұмыстар туралы 


Анықтама


«Тиірмен қазақ орта мектебі» КММ де «Қауіпсіз интернет» 

Республикалық ақпараттық компаниясының өткізу кезеңі бойынша атқарылатын жұмыстардың онкүндік жоспары жасалынып, бекітілді.

Жоспар бойынша «Қауіпсіз интернет» тақырыбында ақпараттық бұрыш ұйымдастырылды. Сонымен бірге мектеп сайтында қауіпсіздік әліппесі туралы ақпараттар орналастырылды. Мектеп кітапханасында «Интернет орнына кітап» тақырыбында акция ұйымдастырылды. Оқушылар кітапханадағы әдеби оқулықтарды таңдап, олар туралы қызықты мәліметтер жинап, қатысқан оқушылар кітапханадан өздеріне ұнаған кітаптарын оқуға алды. Бастауыш сыныптар жаңа ертегілермен таныстырылды. Мектеп залында «Оқуға құштар мектеп» бұрышындағы кітаптар түрлері жаңаланып, оқушыларға ескертілді. Сынып сағаттарында сынып жетекішілердің  ұйымдастыруымен «Қауіпсіз интернет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында бейнебаяндар көрсетіліп, сауалнамалар алынды. Интернетте отыру, ұялы телефонды пайдалану тәртібі туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.

Ш.Сайдишованың ұйымдастыруымен 7/8 сынып оқушылары арасында «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Онда екі топ оқушыларының интернет туралы ойлары тыңдалып, интернеттің пайдасы мен зияны тақырыптарында тапсырмалар беріліп, талқыланды. Оқушылар интернет туралы өз ойларын ортаға салса, интернет пен байланыстың қай кезде пайда болғаны туралы қызықты мәліметтермен танысты. Дөңгелек үстел соңында оқушылар телефонның зияны туралы бейнебаян көріп, талқылау жасап, интернет пайдаланудың 10 түрлі кеңесімен танысты. Ата аналар арасында, топтарда «Қауіпсіздік теңшелімі, ұялы құрылғыларды мәдениетті қолдану» тақырыбында жалпы ақпараттар берілді. А.Валиевтың ұйымдастыруымен «Қауіпсіз интернет» тақырыбында фото, суреттер байқауы ұйымдастырылды. Үздік суреттерден көрме ұйымдастырылды. Қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Шынайы өмір-виртуалды әлемнен жақсы» тақырыбында шығарма, эссе байқауларын өткізді. Үздік шығармалар мен эсселер жинақталды.Мектеп психологі М.Мамырбаеваның ұйымдастыруымен оқушылар арасында компютер мен смартфонды қолдану уақыты туралы сауалнама жүргізілді. Сауалнамалар нәтижесінің маниторингі шығарылды. Атқарылған жұмыстар жинақталды және мектептің сайтында жарияланды.


Орындаған: ДТІЖО Ш.Сайдишова