"Lesson study" зерттеу сабағы » Тиірмен қазақ орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"Тиірмен қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 45-6-07
Есепші бөлімі:
+7(72778) 45-6-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
апрель
2022

"Lesson study" зерттеу сабағы

"Lesson study" зерттеу сабағында бастауыш сынып мұғалімі Комекбаева Алмагуль Нурзатовна 4-сынып оқушыларымен әдебиеттік оқу пәнінен "Жылға жақсы "  тақырыбында № 2 сабақ өтті. Зерттеу сұрағы: Әдебиеттік оқу сабағында 4-сынып оқушыларының ашық және жабық сұрақтар арқылы тыңдалым, айтылым дағдыларын қалай дамытуға болады? Сабақ басында "Ыстық орындық" әдісін пайдаланды. Оқушылар үй тапсырмасына шығармашылықпен дайындалып келген. Сабақ барысында зерттеу сұрағына байланысты "Гаухартас иерархиясы" әдісін тиімді қолданды. Оқушылар берілген сұрақтарды пайдалана отырып, ашық және жабық сұрақтар құрастырып, белсенді жауап берді. Осыдан оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларының қалыптасқанын және ашық, жабық сұрақтарды еркін құрастыра алатындықтарын байқадық.