Ата -аналармен келісім шарт » Тиірмен қазақ орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"Тиірмен қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 45-6-07
Есепші бөлімі:
+7(72778) 45-6-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата -аналармен келісім шарт
13
май
2022

Ата -аналармен келісім шарт


"Тиірмен қазақ орта мектебі" КММ нің ата аналармен алынған келсім шарты

                                                          2021/2022 оқу жылы

Ата-анамен келісім шарт


«Тиірмен қазақ орта мектебі»   коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің директоры   Утеулиев Қайрат Дәуренбекұлы  және оқушынының ата-анасы_______________________________   арасында келісімшарт жасалды.Келісім шартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының ережелерін, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне  және «Тиірмен қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫН басшылыққа ала отырып жасақталған. 31.08.2021 ж №1 педагогикалық кеңесте қаралып ұсынылған.

                                                                  1. Келісімшарт тараулары

1.1 Келісімшарт мекеме директоры мен оқушылардың ата-анасы арасында жасалды.

1.2 Келісімшарттағы шарттарды орындауға екі жақ міндетті.

 1.3 Сабақта болатын уақыты І ауысым 08:00-ден 14:20 – ге дейін, ІІ ауысым 13.00-19.20 дейін

2. Ата-анаға қойылатын талаптар
 «Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде,   мектеп Жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға;

  1. Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;
  2. Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;
  3. Сабақ кестесіне сәйкес оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге;
  4. Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;
  5. Баланың сабақтан тыс іс шараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
  6. Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;
  7. Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;
  8. Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
  9. Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
  10. Баланың қалтасында өткір, үшкір, түйрейтін, кесетін, улы заттармен (пышақ, қайшы,ине,дәрі) жүрмеуін бақылауға;
  11. Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;
  12. Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;
  13. Балаға сағат 20.00 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;
  14. Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
  15. Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
  16. Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті.
  17. Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, жыныстық тәрбиесіне (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлу;
  18. Баланы көлік (жеңіл машина, мотоцикл, квадратцикл т.б ) техникаларды жүргізуге тыйым салу; 

                               3.Ата-аналарға қойылатын мектептің  ішкі тәртіп ережесі

  1. Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
  2. Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.
  3. Ата-ана баласын мектеп формасымен, қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.
  4. Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.
  5. Оқушылардың ұялы телефондармен келуге тыйым салынады . Басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.

4. Ата-ана міндеті

1 Мекеме қызметкерлеріне,  сыпайылық танытуға

- Қызметкерлер жағынан дөрекілік, қателік болған жағдайда директорға ескертулері қажет.

2 Санитарлық гигиенаны сақтау, мектеп ережесін орындау: баланы оқу орнына мектеп формасымен және оқу құралдарымен жіберу шарт.

3. Мұғаліммен тығыз байланыста болуға, тәрбиелеуде, білім алуына белсенділік таныту, «Ашық есік» күндеріне  қатысу.

4. Сабақтан қалған жағдайда міндетті түрде сынып жетекшісіне  ____________ телефонына хабарлау.

5.  Келісімшарттағы  барлық  талаптарды орындаулары  керек.

5. Ата-ана құқығы

  1.  Оқушы туралы кез келген мәлiметтi алуға, пән мұғалiмдерi мен психологтан жеке кеңес алуға;

  2. Мұғалiм келiсiмiмен сабаққа қатысуға, сабақтың қорытындысын талдауға;

  3. Мектептегi кез келген шараларға қатысуға;

  4. Мектептегi өз  баласының  мүддесiн қорғауға;

  5. Оқу - тәрбие жұмыстарының сапасын талап етуге;

  6. Бала денсаулығына  келтiрiлген   зияндықтардың орнын толтыруды талап етуге; жұмсалған шығындардың есебiн талап етуге. 

  7. Мектеп пен ата-ана арасында жасалған келiсiм - шартты орындауға;

  8. Мектептiң   Жарғы талаптарын орындауға;

 Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.

  10. Мектеп басшыларының өтiнiшi бойынша мектептегi үлкен шараларды өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысуға;

  11. Ата-аналар түрлі  қоғамдық  және бірлестік  жұмыстарға  қатысуға құқықты.

6. Оқушының құқығы

    1. Жарғыда кепілдік берілген, мемлекеттік стандартқа сай  деңгейде білім   алу;

    2. Оқу үрдісі барысында лаборатория, оқу, акт, спорт залдарын, кітапхананы тегін және медициналық кабинет қызметтерін пайдалану;

   3. Өздерінің сынып бөлмелерін сақтау және оқу-тәрбие үрдісінің  сапасына қатысты өз пікірін білдіру;

7. Оқушының міндеті

   1. Білім бағдарламалары мен жоспарларында қарастырылған барлық тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындау;

   2. Өзінің мәдени деңгейін жүйелі көтеруге, мектеп формасын сақтауға;

   3. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп  директорының, мұғалімдердің, педагогикалық ұжымның нұсқаулары мен  бұйрықтарына, сондай-ақ сынып жетекшісінің нұсқаулары мен мектептің   кадрларына бағыну.

   4. Мінез-құлық ережелерін сақтау, үлкендерді құрметтеу;

   *басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;

   *өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі ескеру:.

    5. Мектеп  оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.

   6. Сабаққа кедергі жасайтын түрлі техникалық құралдарды (ұялы телефон, аудио, видеоплеер, құлақ қап т.б ) әкелуге тыйым салынады.

   7.Мектеп ғимаратын, мектеп мүлкін сақтауға мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау;

8. Оқушылардың мектеп формасы

1. Ата-аналар комитеті жиналысының №1  хаттамасына сәйкес бекітілген  мектеп формасын сақтауға және киюге құқылы: (киім үлгілері мектеп ЕРЕЖЕСІНДЕ бар)

2.  Күңгірт көк түсті, классикалық (іскер) үлгідегі костюм – шалбар және күңгірт көк түсті белдемше мен ақ жейде,ақ бантик.

10. Қорытынды

1 Келісімшартты ата-аналар себепсіз бұзу жағдайында мектеп әкімшілігіне алдын-ала ескертулері керек.

2 Келісім шарт 2 данада жасалған: ата-анаға және мектеп директорында

3 Келісімшарт қол қойылған уақыттан бастап жүзеге асады. Өзгерту немесе толықтырылу енгізілген жағдайда  ғана қайта жасалады.

4 Екі жақ қол қойып, мемлекеттік мекеменің мөрі қойылған кезден бастап келісімшарт күшіне енеді.

  

Мектеп директоры:        Қ.Утеулиев                  

                                                                                                    Ата-ана           ---------------------------------

 «      » ________ 2021___                                                        «      » ________ 2021__