Рухани адамгершілік тәрбие
Мектепте 4 сынып жетекшісі Алмагуль Көмекбаеваның ұйымдастыруымен бастауышпен қоштасу кеші өткізілді. Кешке балалар жоғары деңгейде дайындалған, оқушылар бастауышта алған білімдерін кеште жан жақты көрсетіп, әндерін орындап, билерін билеп өнерлерін ортаға салды. Қатысқан қонақтар балаларға алғыстарын білдірді.Белсенді оқушыларға мектеп тарапынан мақтау қағаздары беріліп, ата аналарына алғыс хаттар тапсырылды.Кеш көңілді, тартымды өтті.